Кгп на пхв айыртауская црб - Өтініш
Құретті министр ханым Дуйсенова Тамара Босымбекқызы. Мен Кульмурат Махсат Абдіманапұлы, Ақмола облысы "Перинаталдық орталықта" дәрігер анестезиолог-реаниматолог болып қызмет атқарамын. Бір ай бұрын сіздің сайтыңызға жазған өтінішімнің нәтижесі жоқ болуына байланысты сізге қайтадан өтініш жазуға тура келді. Сізден сұрайтыным менің өтінішім қаралдыма, қаралса нәтижесі не болды? Нәтижесі жоқ болса жас маман біздер ешкімнің қолдауынсыз қала береміз бе? Егер нәтижесі болса Айыртау орталық аудандық аурухана бас дәрігері Молдахметов С.Ғ.-қа қандай ұсыныс бердіңіздер? Мен келісім шарт бұзған жоқпын, миллион жеті жүз жетпіс сегіз мың теңге төлейтін мүмкіндігім жоқ. Жақын ұақытта шешім қабылдап беруіңізді сұраймын. Мені сотқа берген еді, сот шешімі кешігуде, мен сол бір медицина саласында жұмыс жасаудамын, ешқайда қашқан жоқпын. Неге соншама мөлшерде ақша төлеуім керек? Мен Қазақстан Республикасының азаматымын.