Детская поликлиника - Прививка кпк

0

Сәлеметсіздер ме! Мен Павлодар обл.Ақсу қаласының балалар емханасына шағымданғым келеді.Менің қызым 6 жаста.22-тамызда КПК екпесін алдық.АбКДС вакцинасы жоқ, бір айдан кейін болады деді.Арада бір ай өткен соң 9-қазанда АбКДС алуға балабақшадан қызыма жолдама берді.10-қазанда дәрәгер қызымның медкартасыны баланы тексерген соң АбКДС-ке рұқсатын береді.Бірақ егу кабинетінің медбикесі Кабиденова А.Б. дәрігердің рұқсаты түгіл, медкартаның бетін ашпай, әкесінің бір привикаға келгенін айтқанын тындамай, сыртындағы жазуды 2007ж яғни 6 жаста деп қызыма АбКДС пен қайтадан КПК салады.Қызымның жағдайы қанағаттанарлықтай.Инкубациялық күндерді АЛЛАға тапсырып өткізіп жатырмыз.бірақ 20күннен бастап 4 күн қызымда 37 температура.КПК 1 жаста, 6 жаста ревакцинация.1жастағы екпе 25-30 жылға шейін жетеді, ал менің қызым 3 рет медбикенің немқұрайлығынан алды. Қызымның болашағы, өмірі мен денсаулығы аландатады, бір рет алғанда неше түрлі қайғылы жағдай болып жатады, ал бізде артық доза.Балалар емханасының меңгерушісі мен дәрігерлерінен мардымды жауап жоқ.Баламның денсаулығы емес өздерінің жылы орындары үшін аландайды.Артық дозада не болады деп сұрасам, ол зерттелмеген, оны доктор, профессорлар сұрау керек дейді. Мен ондай адамдарды қайдан табамын.Сіздерден өтініп сұраймын Денсаулық Министрлігінде докторлар мен профессорлар осы жағдайды талқылап, КПК екпесінің артық дозада болашақта кандай салдары, өміріне қауіп төне ме, толыққамды денсаулығы болатыны туралы біліп берсеңіздер риза болар едім. менің көз жасым көл болып, сары уайымға салынып жүрсем, медбикеге сөгіс қана жариялаған екен.Бұл жаза ма?Қызымның өміріне балта шапты.

Проверьте корректность заполняемых полей!
Вы можете добавить свой комментарий к этой жалобе. Пожалуйста, Проверьте
правописание перед публикацией комментария !